23.11.2021
15.11.2021 - 25.11.21 аралығында «Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестігінде онкүндік өтті. Тәуелсіздікке 30 жыл толуына байланысты алынды. Осыған сәйкес ашық сабақтар мен тәрбиелік шаралар аталған тақырыпты қамтыды.
Онкүндіктің мақсаты: әріптестер арасында өзара шеберлікпен бөлісу, бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктеріне қарай білім, білік дағдыларын байқау, білімде жіберілген олқылықтың орнын толықтыру мақсатында тәжірибе алмасу.
Онкүндікте ұстаздар арасында білім берудегі әдіс-тәсілдерді,сабақ кезеңдерінің өтілуі,жоспарлану,мақсат қоюы сияқты басқа мұғалімдер-тәжірибесінен қажетті жағдайларды көру,үйрену,пікір алмасу,ортақ проблемалардың шешілу жағдайын бірлесіп қарастыруды көздеген міндеттер іске асырылды. Онкүндікте сабақ беру іс-тәжірибемен алмасумен ғана шектелмей оқушылардың сауатты жазуы, көркем жазуына байланысты математика, қазақ тілі, шығарма жұмыстар дәптерлерінен көрме ұйымдастырылды. Онкүндіктің соңында «Тәуелсіз елдің болашағы» атты мәнерлеп оқу сайысы және көрініс ұйымдастырылды. Сайысқа қатысып жүлделі орын алған оқушыларды мектеп директоры А.Б.Божбанова марапаттады. Онкүндіктің ұстазға да шәкірттерге де берері мол болды.