Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/krg-sch68.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Мектебімізде «Тілдік білім беруді дамыту» бағдарламасы аясында «Кеттік, кітап оқимыз!» айдарымен 3-11-сынып оқушыларымен бейсенбі, жұма күндері 20 минут кітап оқу болып өтті.
Мақсаты: Оқушыларға Кітап оқу - табыс пен жетістіктің ең басты негізі екенін. Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастыратынын, сөздік қордың көбейеуіне әсер ететінін және сауаттылық деңгейін арттыратынын жеткізу.


Мектебімізде «Балалар кітапханасы »жобасы аясында 7 сынып оқушылары арасында Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, көркемсөз өнерінің үлкен шебері Сайын Мұратбековтің қаламынан туған туындылардың бірі «Жусан иiсi» повесі бойынша «TALKLEIK» өтті.


Мектебіміздің 10 сынып оқушылары Қарағанды әкімдігінің қолдауымен «Алаш айлағы» аясында Майқұдық мәдениет үйінде өткен шығыстанушы,ағартушы Санжар Керімбаймен кездесуге және «Қаныш және ғылыми майдан» кітабының таныстырылымына барып келді.Оқушылар өте құнды дүниелермен танысып,өздеріне қажет көптеген мәліметтерді алды.Кездесу қызықты ,тартымды және пайдалы мәліметтерге толы болды.


Мектебімізде «Тілдік білім беруді дамыту» бағдарламасы аясында «Кеттік, кітап оқимыз!» айдарымен 3-11-сынып оқушыларымен бейсенбі ,жұма күндері 20 минут кітап оқу болып өтті.

Мақсаты: Оқушыларға Кітап оқу - табыс пен жетістіктің ең басты негізі екенін . Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастыратынын, сөздік қордың көбейеуіне әсер ететінін және сауаттылық деңгейін арттыратынын жеткізу.


Мектебіміздің 11 б сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп »жобасы аясында «Абай дана,Абай дара қазақта» атты Абай атамыздың қара сөздерін мәнерлеп оқыды.

Мақсаты: Қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, оқушылардың әдебиттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.


Атауы Жүктеу
1 Балалар кітапханасы жобасы

 

«Оқуға құштар мектеп» жобасына байланысты мектебімізде «Кітап оқыған адам - табысты адам » атты әр бейсенбі сайын үзілісте сыныппен кітап оқу сағаты болып тұрады.

Мақсаты: Оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру,кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.


«Балалар кітапханасы» жобасы аясында Мектебімізде қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына байланысты 6а сынып оқушыларымен «TALKLEIK» өтті. Оқушылар « Менің атым Қожа» атты кітабын талқылады. . "Менің атым Қожа"-1957 жылы жазылған, қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналатын повесть. Бұл шығарма орыс, украин, француз, литва .латыш,өзбек тілдеріне аударылды.

Мақсаты : Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын , ой - өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру және Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру; Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.


 «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Өзің оқы және өзгеге ұсын» буккроссинг бұрышында өздерінің оқыған кітаптарын қойып,орнына кітап алып оқыды.Бір-бірімен кітап алмасты.

Мақсаты: Кітап сөресіндегі кітаптарды жинақтау,өздері оқыған кітаптарын сөреден алып оқу және оқыған кітаптарын басқа оқушыларға жарнамалап ұсыну.