Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына «Ұлттық әдебиет классигі» тақырыбында көрме қойылды.
Мақсаты: Кеңес әдебиетінің аса талантты өкілдерінің бірі Б. Майлин туралы білімдерін кеңейту, өмір жолы мен шығармашылығынан мәліметтер беру.
Мектебімізде 2 - 4 сынып оқушылары «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Мейірімді ертегілер елінде» атты көрініс қойды.
Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Оқуға құштар мектеп жобасы жоспары | ![]() |
«Оқуға құштар мектеп» жобасына байланысты мектебімізде «Кітап оқыған адам - табысты адам » атты әр бейсенбі сайын үзілісте сыныппен кітап оқу сағаты болып тұрады.
Мақсаты: Оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру,кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында Мектебімізде қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына байланысты 6а сынып оқушыларымен «TALKLEIK» өтті. Оқушылар « Менің атым Қожа» атты кітабын талқылады. . "Менің атым Қожа" —1957 жылы жазылған, қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналатын повесть. Бұл шығарма орыс, украин, француз, литва .латыш,өзбек тілдеріне аударылды.
Мақсаты : Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын , ой — өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру және Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру; Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Өзің оқы және өзгеге ұсын» буккроссинг бұрышында өздерінің оқыған кітаптарын қойып,орнына кітап алып оқыды.Бір-бірімен кітап алмасты.
Мақсаты: Кітап сөресіндегі кітаптарды жинақтау,өздері оқыған кітаптарын сөреден алып оқу және оқыған кітаптарын басқа оқушыларға жарнамалап ұсыну.