Қарағанды қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Roboland 2025» халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестиваліне қалалық іріктеу байқауына қатысып «КЕГЕЛЬРИНГ - КВАДРО×2» номинациясы бойынша «Сұңқар» командасы 3 - ші дәрежелі дипломға ие болды.
Команда жетекшісі: Мұратша Бірлән Мұратшақызы.
Команда мүшелері: Тукебаев Ерасыл мен Рахметолла Нұртілек.
01.11.2024 ж. «Ұлы дала ойындары» атты өтетін роботтехника жарысына оқушылар «Теңге алу», «Арқан тартыс», «Қыз қуу» санаттары бойынша қатысады. Үйірме барысында оқушылар осы роботтарды құрастырып, программасын жасауда.
Қарағанды қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлы дала ойындары» атты nробототехника чемпионатында «Теңге алу» номинациясы бойынша «Алаң» тобы 3-ші дәрежелі дипломға ие болды.Топ жетекшісі Қабен Аяулым Мухаммедияқызы, топ мүшелері Тукебаев Ерасыл мен Мейрамова Дильназ.
«Ұлы дала ойындары» атты робототехника чемпионатында өскелең ұрпақтың инженерлік және шығармашылық қаблеттерін көрсетуге мүмкіндік беріп, қазақтың дәстүрлі құндылықтарын жаңа қырынан тануға жол ашқаны үшін «Алтын» командасына сертификат берілді.
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Robo progress үйірмесінің атқарылып жатқан жұмыстары | ![]() |
2 | ROBO progress үйірмесінің жоспары 2024 - 2024 | ![]() |