«Еңбегі адал-жас өрен» жобасы аясында 10 а сынып оқушылары мектепте кызмет атқаратын әртурлі қызметкерлерден сухбат алды.
Мақсаты: Адам өмірінде алатын мамандықтың орны, оқушыларға алуан түрлі мамандықтар туралы, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып,өз бейіміне қарай мамандық таңдауға ықпал жасау.
Мектебіміздің 4 сынып оқушылары арасында «Мен сүйетін мамандық», «Менің болашақ мамандығым»атты сурет байқауы болып өтті.
Мақсаты: Мамандық - бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауға үйрету. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет ететін және адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бір екенін түсіндіру.
«Еңбегі адал-жас өрен» жобасы аясында мектебімізде 5 - 11 сыныптар арасында «Мамандықтар марафоны» болып өтті.
Мақсаты: оқушылардың мамандық әлемінің сан алуандығы туралы ой-өрісін кеңейту, әрі қарай саналы мамандық таңдауы үшін ықпал ету.
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Еңбегі адал-жас өрен | ![]() |
Мектебімізде «ЕҢБЕГІ АДАЛ - ЖАС ӨРЕН»ЖОБАСЫ аясында
Оқушылардың күзгі егіннің табиғи материалдары мен орман табиғатының көркем сыйларын пайдалана отырып, ата-аналармен бірге жасаған қолөнер бұйымдарынан «Күзгі асар» жәрмеңкесі өтті.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға үлкен мүмкіндік жасайды. Осыған байланысты мектеп-интернаттың оқушылары Әскери бөлімге экскурссияға ұйымдастырылды, іс-шара барысында оқушыларға казармалық үй-жайлар, сабақтар өткізуге арналған сыныптар және тағы басқа нысандар көрсетілді. Оқушылар әскери қызметпен танысып, сарбаздардың күнделікті өмірі туралы көбірек мағлұмат алды. Экскурсияның жалғасында әскери қызметшілермен жауынгерлік даярлық элементтері, сондай-ақ тарихи мұражай көрсетіліп, оқушылар әскери бөлімнің қалыптасқан күнінен бастап тарихымен танысты. Оқушыларға әскери қару-жарақ пен әскери бөлімнің арнайы жауынгерлік техникасы көрсетілді.
«Еңбегі адал -жас өрен» жобасы аясында оқушылар «Еңбек бәрін жеңбек» атты эссе жазды.
Мақсаты: Білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
Мектебіміздің 5-11 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізілді, сыныптарда мамандық ерекшелігі талқыланды, әр оқушының қызығушылығы мен кәсіби таңдауы анықталды.