«Дарынды оқушы – білімді ұстаздан» жобасы аясында қараша айында мектебімізде шәкірт тәрбиелеп, оқыту саласында жұмыс істеп жүрген педагогтар арасында «Мұғалім мен оқушы қарым - қатынасы» атты өзара тәжірибе алмасу сағаты К.К. Махметова мен М.А. Акишеваның ұйымдастыруымен болып өтті. Тәжірибе алмасу сағаты педагогикалық қоржынымыздың толуына үлесін қосты. Оқушылар мен мұғалімдер ынтымақтаса жұмыс жасауда мұғалім алдына қойған мақсаттарын ойдағыдай іске асырып, өзінің кәсіби жұмысының жемісіне жете біледі. Қазақ халқының тұңғыш педагогы Ы.Алтынсарин «Мен үшін - мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі», деген мектеп беделін көтеріп, шәкірттерін болашағымыздың азаматы етіп тәрбиелейтін, өмір жолында өз бағытын тандауға жол көрсететін - мұғалім. Сондықтан да бүгінгі таңда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің мәні зор.