20.11.2021
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Дарынды оқушы – білімді ұстаздан» атты жобаның аясында жас мұғалімдердің біліктілігін және ой ұшқырлығын жетілдіру, талантын айқындау, іскерлік қабілеттерін анықтау, сайыстарға қатыстырып шеберлігін шыңдау мақсатынды «Кешегі оқушы, бүгінгі ұстаз» атты сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа бастауыш сыныптар бірлестігі, жаратылыстану –политехникалық әдістемелік бірлестігі, гуманитарлық пән мұғалімдері бірлестігі, өнер, технология, дене шынықтыру мұғалімдер бірлестігі және тәрбиешілер бірлестіктері қатысып, өз өнерлері мен білімдерін ортаға салды. Сайыс алты кезеңнен өтті. Көрермендер қатысушы мұғалімдердің талантына тәнті болды. Сайыс соңында әділ-қазылардың төрелігімен анықталған жеңімпаздарды мектеп директоры марапаттады.