Оқушылардың дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады.
Питер Клайнның «Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі» деп айтқан қағидасын ескере отырып, №68 мектеп-интернатында 8-11 сынып оқушылар арасында әр оқушының зерттеп жүрген тақырыбы бойынша ғылыми жобаның таныстырылымы болды. Таныстырылым оқушыға ой салып, қызығушылығын оятатындай жоғары дәрежеде өтті. Ғылыми жобаны өткізуде мектебіміздің жанынан құрылған оқушылардың «Талап» ғылыми қоғамының мүшелері сарапшы болды. Ұсынылған ғылыми жоба жұмыстарды сарапшылар ұшқыр ой, өткір тілдерімен сараптап, өз ойларын ортаға салды. Ұйымдастырушылар: Альхан Анар, Жанай Айжан, Тишмагамбетова Самал Аманбаевна.