Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/krg-sch68.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
15.12.2021
«Ахмет Байтұрсынұлы– ұлттың ұлы - ұстазы» оқушылардың ғылыми конференциясы «Дарынды оқушы – білімді ұстаздан» жобасы аясында оқушылардың «Талап» ғылыми қоғамының ұйымдастыруымен 15 желтоқсанда «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» атты 4-9 сынып оқушылары арасында ғылыми конференция ұйымдастырылды.
Іс -шараның мақсаты - А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқушылардың ой -өрісін кеңейту. Оқушыларды ғылыми жұмысқа қызығушылығын тудыру.
Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми -педагогикалық еңбектерінің нәтижесінде бізде қазақ әліпбиі, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі мен этимологиясы, әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы бар. А.Байтұрсынұлы осы тынымсыз еңбегімен қазақ әдебиетін жоғары деңгейге көтеріп, ұлттық мектеп пен қазақ әдебиетінің берік негізін қалады. Ол халық жадында қазақ ғылымы мен мәдениетінің жарқын сәулесі болды және қалды.
Конференцияда орта буын оқушылары өздерінің ҰЛЫ ҰСТАЗ туралы дайындап келген баяндамасы мен шығармаларына терең үңіліп, мыалдарына көрініс те көрсетті. Шара соңында оқушылардың ғылыми қоғам мүшелері өздеріне алған әсерлерімен бөлісіп, оқушыларға алғысын білдірді.