«Жыр жалын» үйірмесінің және «Бірге зерттейміз!» - «Талап» оқушылардың ғылыми қоғамының жетекшілігімен мұғалім мен оқушының бірлескен ғылыми жоба жұмысы бастау алды. Мұғалім мен оқушыны бірлескен ғылыми - зерттеу жұмысына баулу мақсатында ұйымдастырылған жоба - әр ай соңында қорғау отырысын өткізеді. Міндеті: мұғалім мен оқушылардың ғылыми - шығармашылық жұмыспен шұғылдануы, оқушылардың оқу үрдісін жетілдіруде және мамандық таңдауда да септігін тигізуі.
Зерттеу жұмысымен қатар, оқу жылының 2-тоқсанында оқушылар арасындағы көркем сөз оқу сайысы, 3-тоқсанда Мұқағали Мақатаев мерейтойына орай мектепішілік әдеби сазды кеш және 4-тоқсанда қорытынды кеш, марапаттау жоспарланды.
19.10 күні “Бірге зерттейміз!” мұғалім мен оқушының бірлесе зерттеу жұмысын жүргізу жобасының қазан айындағы отырысы ұйымдастырылды. Қатысушы ұстаздар мен оқушылар жоба тақырыптарының тереңдігі мен өзектілігі жағынан ерекшелене білді. Көрермендермен кері байланыс жүргізіліп, сұрақ-жауап алмасу сәті де белсенді түрде өтті.