Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/krg-sch68.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» көркем сөз оқу сайысы. Шығармашылық айымен қатар келген, ақиық ақын М.Мақатаевтың мерейтойы мектепшілік мәнерлеп оқу сайысына ұласты. Дода қатысушыларын көркем сөз оқу шеберлері ме дерсің?! Мәнері мен әуезділігі, сахналық шеберлігі мен мәдениеті жағынан көрермендер мен қазылар алқасын тәнті етті. 1-кезеңнен соң кідіріс жасап, күні кеше мектеп намысын қалалық “Мұқағали оқуларында” биік ұстап, 3-орынды қанжығаға байлаған мектеп оқушысы Амантаева Асылайға сөз кезегін ұсындық. Қалалық сайыстың өту барысын баяндаған Асылай, жүргізушілердің қолқалауымен ақынға жазған арнау өлеңін паш етті. “Білімді мыңды жығар” атты 2-кезеңнен де қатысушылар сүрінбей өтті.
Айта кетейік, бүгінгі мазмұны биік поэзия кешінде арнаулы қонағымыз, дәстүрлі әнші Қуандық Төкенов келіп, ақынның сөзіне жазылған “Сәби болғым келеді” әнін әуелете орындады. Сөз соңында мектепшілік “Талап” дарынды балалар қоғамының белді мүшелері сарапшылық етіп, қазылар құрамындағы ұстаздар марапаттау рәсімін жүргізді.

Жылдар өтер... әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлең құдіретін аспанға көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер.