Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/krg-sch68.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Қарағанды қаласы 68 мектеп-интернатында Кеңес Одағының батыры Мартбек Мамыраев атындағы мұражай 2020 жылы 12-і наурызда Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына орай салтанатты түрде ашылды. Бұл өзі игілікті шаруа болды. Оның басы-қасында жүрген азаматтар құнды материалдар жинауға атсалысқан еді.

1. 2019-2020 оқу жылында мектепішілік мұражай жұмысы ұйымдастырылды. 
2.М.Мамыраев атына ашылатын мұражайға мектеп мұғалiмдерiнен, ата-аналар комитеті мүшелерiнен, жоғары сынып оқушыларынан мұражай кеңесiнiң құрамы бекітілді.
3. Мұражай жұмысының ережесi мен жұмыс жоспары бекiтiлді. 
4.Мұражай жетекшісі болып тарих пәнінің мұғалімі Аяукан Батархан тағайындалды.

Шығармашылық топ мүшелері аудан ардагерлер кеңесіне қалалық әкiмшiлiк, мәслихатқа қолдау хат жолдады.

2019 жылы П. Аралбай, Г.Т. Нурашева мен 8-10 сынып оқушыларының басшылығымен мектеп iздеу отряды құрылды. М. Мамыраев және оның туыстары туралы материалдарды iздеу, жинау және жүйелеу жұмыстарын жүргізді.

2019 жылы қыркүйек айында Б.Н. Бегешева мен Г.Т. Нурашеваның басшылығымен Кеңес одағы батырының туған жеріне барды. Жәдігерлер мен мәлiметтер жинақталды, сухбат алды, фотоотчет пен бейнефильм түсірілді.

2019 - 2020 ж. П. Аралбай мен А.К. Джазыкбаеваның басшылығымен батырының жұмыс орындарына барды. Сұхбат алынды, мэлiметтер жинақталды. Фотоотчет жасалды. Бейнефильм түсірілді.

2019 - 2020 ж. Шығармашылық топ мүшелері А.Е Рахимова, Е.К. Жакипханов, С.Т. Изтилеуова, А.Х. Рахимжанова, 8-11 сынып оқушыларының басшылығымен М. Мамыраевтың жақын туыстарымен кездесу болды. Қарқаралы, өлкетану мұражайларына барды. А. Е. Мәлiметтер жинақтап, сұхбат алынды.

Е.К. Жакипханов, С.И. Абильгазин, А. Альхан, А.К. Джазыкбаева, Б. Аяукан, Д.К. Байтасовалардың ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры М. Мамыраевтың туғанына 112 жыл толуына арналған апталық өтті.

Мектеп басшысының ұйымдастыруымен М. Мамыраев аллеясында үлкен концерт өткiзілді.

Мұражайды безендiру, материалдарды жинақтау, стендтер, альбомдар, буклеттер әзірлеу жұмысымен А.Б. Божбанова, Ж. Шаймаганбетова және шығармашылық топ жыл бойы қызмет атқарды.

2020 жылы қаңтар айында С.Т. Изтилеуованың ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры Мартбек Мамыраевқа арналған «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Бұл мұражай батырдың атын есте қалдырудың өзіндік орталығы, сонымен қатар жастарға патриоттық тәрбие беру көпірі болды. Мұражайдың таусылмас қазына екенін мектеп оқушыларына ұғындырып, батырдың өткен өмір тарихын, ескі заттардың қадір-қасиетін, өткен мен болашақты жалғастырушысы екенін түсіндіру. Батырдың Қарағанды қаласында сақталған ел тарихына қатысты көне қолжазбалар мен сирек кездесетін фотосуреттерін бір орталыққа жинақтау, сақтау, зерттеу және дәріптеу жұмыстары жүргізілуде. Мұражай қоры 68 мектеп-интернатында батырдың қолданған қару-жарақтары, киімдері мен заттары өмір деректері жинақталған.

Мұражайдың басты концепциясы батырдың ерлік тағдыры болып табылады.

Мұражайда ел есінде мәңгіге сақталып қалған батырдың қаһармандығы туралы деректер баршылық. Сол себептен де бұл мұражайдың жас ұрпаққа беретін тәрбиелік маңызы зор. Жалпы ұлт болып ұйыса түсуіміз үшін құрғақ сөзден гөрі осындай нақты істер көп болғанға не жетсін!
Мұражайға жауаптылар батырға қатысты кез келген материалды жинап отырады, олардың арқасында болашақ ұрпақ оның өмірі мен ерлік істері туралы біле алады.
Сонау отты жылдары майданда етігімен су кешкен, елі үшін қан төккен батыр атамыздың ерлігі еш ұмытылған емес. Осындай бейбіт күн сыйлағаны үшін мың алғыс!