Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/krg-sch68.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Ұлы Отан соғысындағы ең сұрапыл шайқастар Сталинград пен Курс қалаларын қорғау және Днепрден өту үшін болған қанды майдандар. Кеңес Одағының батыры Мартбек Мамыраевтың осы шайқастарда ерен елік танытқаны белгілі.

Мартбек Мамыраев 1908 жылы Қарқаралы ауданы Ақжол ауылында дүниеге келген. Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысқан.
-Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысқан. Ал Кеңес Одағының Батыры атағын 1944 жылы Днепрден өту кезінде көрсеткен әскери ерлігі үшін алды.
-Ленин ордені, Құрмет Белгісі орденімен марапатталған. Қарағанды қаласының құрметті азаматы Мартбек Мамыраевтың ескерткіші №68 мектеп-интернатының төрінде орналасқан. 
Мұражайдың ашылу салтанатына Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері, атқарушы және өкілетті органдардың басшылары, ғалымдар, оқуытушылар, мектеп ұстаздары, оқушылар мен батырдың етжақындары қатысты.
Мұражайдың ашылу лентасын Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов, қала әкімінің орынбасары Нұрлан Бикенов және Мартбек Мамыраевтың қызы Клара Мамыраева қиды.
Батыр атындағы мұражай үш бөлімнен тұрады.
1. «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» атты бөлімінде – қаһарман ердің соғыстағы ерлік жолы қамтылып, қару-жарақтары мен шағын мүсіні орналастырылған. «Мұражайда батырдың мүсіні бар. Бюст авторы – Амангелді Серіков. Сондай-ақ, диорама қойылған, оның сюжеті 1943 жылдың қыркүйек айында Днепр өткелінде болған оқиғаны баяндайды. Оны мұражайға Қарағанды гуманитарлық колледжінің дизайн маманы Мәншүк Біләлова сыйға тартты». 
2. «Ер есімі – ел есінде» бөлімінде оның көлемді портреті, өмірбаян деректері, сондай-ақ, марапаттауға ұсыну құжаттарының көшірмелері және марапаттары қойылған. Ал, 
3. «Ерлік елдікке жеткізеді» атты үшінші бөлімде бейбіт өмірдегі кездесулері, отбасылық альбомдары, әскерге шақыру туралы құжаттардың көшірмесі және батырға арналған туындылардың көшірмелері тұр. Музейде сонымен қатар, оның туған жері Ақжол ауылындағы мұражайдан жеткізілген киімдері мен өзі пайдаланған тұрмыстық бұйымдарын қамтитын көшпелі көрме орналастырылған. Сол уақыттағы құжаттардың фотосуреттері мен көшірмелері ғана емес, сонымен қатар Мартбек Мамыраев қолданған киім-кешек пен ыдыстар кіреді.
Мұражайда «Қазақстан және Ұлы Отан соғысы», «Отанының батыл ұлы», «Батырдың жауынгерлік жолы (картасы)», «Днепр шайқасы», «Соңғы күннің белгісі», «Қарағанды облысынан шыққан Ұлы Отан соғысының батырлары», «Жеке құжаттар», «Батырдың өмірбаяны», «Әлемдегі батыр» мұрағаттық құжаттардың стендтері мен көшірмелері ұсынылған.
Мұражайға оқушылардың туындысы – 3D форматындағы соғыс көрінісі бейнеленген сурет қойылған.
Мартбек Мамыраевтың аты Қарқаралы ауданындағы ауылға берілген, сондай-ақ Қарағандыдағы шағынаудан батыр есімімен аталады
“Батыл жүрек барлық қиындықтарды жеңеді” демекші батыр атамызға бейбіт күнге жеткізгені үшін мың алғыс, мәңгілік тағзым етеміз.