«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі С.И. Абылғазин мен кітапханашылардың ұйымдастыруымен мектебімізде 9-10 оқушылар арасында Медеу Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман эссесі бойынша конференция болып өтті.Бұл роман - эсседе тек Қаныш Сәтбаевтің өмірбаяны ғана емес, өмір сүрген кезеңіндегі елдің қал-ахуалы, саяси - әлеуметтік жағдайы, Қазақ жеріндегі ғылымның дамуы, саясат басындағылардың әділетсіздігі көрініс табады.
Оқушылар көрнекті ғалым ,қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев жайлы көп мағлұмат алып,өздерінің білетіндерін ортаға салып , конференция жақсы деңгейде өз мәресіне жетті. Қорыта келе айтарым, «Ел есімі – ер есінде» демекші, осындай шығармалардың арқасында академик Қ.И.Сәтпаевтың есімі ел жадында мәңгілік сақталмақ.