Мақсаты:Өзіңіздің сүйіп оқыған кітабынызды басқа да оқырмандармен бөлісіп, оларға да түрлі жанрдағы кітаптарды оқуға мүмкіндік беру. Мектеп кітапханасындағы кітап қорын молайту және байыту.
Қыскаша түсінік: «Bookcrossing» қазақшаға аударғанда «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді. Үйлеріңіздегі оқып болған кітапты алып келіп орнына оқымаған кітаптарыңызды алуларыңызға болады. Буккроссингті алғаш ойлап тапқан ғалым Рон Хорнбекер."Оқы және өзгеге сыйла"атты буккроссинг акциясы мектеп кітапханасында мұғалімдер мен оқушылардың ат салысуымен өткізіледі. Сонымен қоса игі іс жасау яғни бұл акцияның ерекшелігі ешқандай оқырманға формуляр ашылмайды және акцияға берілген кітапты алған оқырман өзінің қаншалықты кітапқа жауапты екенін білу керек. Яғни кітапты кері қайтаруы оқырманның негізгі жауапкершілігі болып табылады.