10.11.2023 күні кітапханада Ұлт азаттық қозғалыс басшысы Сырым Датұлының туғанына 270 жыл толуына байланысты көрме ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Сырым Датұлы - қазақ тарихында тапқырлығымен, ерлігімен із қалдырған тұлға. Патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы күресіп, Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы болған әйгілі Сырым батыр туралы оқушыларға ақпарат айтылды.