Мектебіміздің 9 сынып оқушылары «Қарағанды Болашақ» колледжіне кәсіби сынаққа барып қайтты. Онда мамандар саяхат ұйымдастырып,оқуға қалай түсуге болады, қандай мамандықтар дайындайды сол туралы ақпарат берді. Колледжде күндізгі, сырттай оқыту ұйымдастырылады. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Біліктілік деңгейі - орта буын маманы, қолданбалы бакалавр.