Мектебіміздің 9 сынып оқушылары «Қарағанды банк» колледжіне кәсіби сынаққа барып қайтты.
Банк коледжінің мамандары төмендегі мәліметтерді айтып,оқушыларды таныстырды:Қарағанды Банк колледжі – облысымыздың жетекші оқу орынының бірі. Колледжде толыққанды, сапалы әрі тиімді білім алу үшін барлық жағдай ұйымдастырылған. Колледжде оқу үдерісін толыққанды, сапалы және тиімді ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған. «1С: Бухгалтерлік есеп» платформасы және бухгалтерлік есеп пен салық есебін жүргізу үшін әрбір кәсіпорын пайдаланатын «Қазақстандағы бухгалтерлік есеп» конфигурациясы қолданылады. Колледж базасында колледж студенттерінің кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және өз ісін ашуға көмектесетін «Бизнес мектебі» жұмыс жасайды.
Банк колледж еңбек нарығында сұранысқа ие 10 мамандық бойынша мамандарды даярлайды. Колледжде кассирден бағдарлама әзірлеушіге дейін мамандықты игеріп алуға болады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша бюджеттік негізде оқып, колледжде тегін білім алу мүмкіндігі бар. Студенттің үлгеріміне қарай шәкіртақы төленеді.
Мақсаты: Оқушыларға өзінің қабілетін, белгілі бір кәсіптік салаға бейімділігін анықтауына, соның негізінде дұрыс мамандық таңдауына көмек беру.