Мектебімізде «ЕҢБЕГІ АДАЛ – ЖАС ӨРЕН»ЖОБАСЫ аясында
Оқушылардың күзгі егіннің табиғи материалдары мен орман табиғатының көркем сыйларын пайдалана отырып, ата-аналармен бірге жасаған қолөнер бұйымдарынан «Күзгі асар» жәрмеңкесі өтті.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға үлкен мүмкіндік жасайды. Осыған байланысты мектеп-интернаттың оқушылары Әскери бөлімге экскурссияға ұйымдастырылды, іс-шара барысында оқушыларға казармалық үй-жайлар, сабақтар өткізуге арналған сыныптар және тағы басқа нысандар көрсетілді. Оқушылар әскери қызметпен танысып, сарбаздардың күнделікті өмірі туралы көбірек мағлұмат алды. Экскурсияның жалғасында әскери қызметшілермен жауынгерлік даярлық элементтері, сондай-ақ тарихи мұражай көрсетіліп, оқушылар әскери бөлімнің қалыптасқан күнінен бастап тарихымен танысты. Оқушыларға әскери қару-жарақ пен әскери бөлімнің арнайы жауынгерлік техникасы көрсетілді.
«Еңбегі адал –жас өрен» жобасы аясында оқушылар «Еңбек бәрін жеңбек» атты эссе жазды.
Мақсаты: Білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
Мектебіміздің 5-11 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізілді, сыныптарда мамандық ерекшелігі талқыланды, әр оқушының қызығушылығы мен кәсіби таңдауы анықталды.