12 сәуір күні мектебіміздің 8ә сынып оқушылары Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы бекіткен кестеге сәйкес,«№2 оқушылар сарайы» КММ жанындағы PROFICENTER - де кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде кәсіптік бағдар беру кездесуіне барып қайтты. №2 оқушылар сарайында «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» көрме ұйымдастырып,оқушыларға оқуға қалай түсуге болады,қандай мамандықтар даярлайды,қандай жеңілдіктер бар сол туралы мәлімет берді.