Мектебіміздің 9 сынып оқушылары Қарағанды жоғары медициналық колледжіне кәсіби сынаққа барып қайтты. Оқушыларға Колледж мамандары әрқайсысы заманауи білім берудің мақсаты денсаулық сақтау үшін кәсіби ақпараттандырылған кадрларды даярлау ғана емес, сонымен қатар белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, өз құзыреті шегінде тез шешім қабылдай алатын және қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда бейімделе алатын тұлғаны қалыптастыру екенін түсіндірді. Мамандарды даярлаудың жоғары сапасын практик дәрігерлер ұжымы қамтамасыз етеді, олар өз білімдерін тек теориялық қана емес, сонымен қатар практикалық дағдылармен де білім алушылармен бөліседі.
Оқушылар өздерінің мазалаған сұрақтарын қойып, керекті мәлімет алды.