23.11.2023 күні № 6505 әскери бөлімнің офицерлері мектебімізге келіп 9 - 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Әскери бөлім жайлы бейнеэкскурсия көрсетіліп, Петропавл каласындағы ҚР Ұлттық Ұлан әскери академиясына түсу шарттарымен таныстырды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды. Шара соңы әскери оркестрдің концертімен аяқталды.