13.10.2023
Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға үлкен мүмкіндік жасайды. Осыған байланысты мектеп-интернаттың 9-сынып оқушылары 13 қазанында «ҚР Құтқарушылар күнін» мерекелеу аясында 52859 әскери бөлімінде өткізілген «Ашық есік күні» қоғамдық іс-шарасына қатысты. Әскери бөлімге экскурсия ұйымдастырды, іс-шара барысында оқушыларға казармалық үй-жайлар, сабақтар өткізуге арналған сыныптар және тағы басқа нысандар көрсетілді. Оқушылар әскери қызметпен танысып, сарбаздардың күнделікті өмірі туралы көбірек мағлұмат алды. Экскурсияның жалғасында әскери қызметшілермен жауынгерлік даярлық элементтері, сондай-ақ тарихи мұражай көрсетіліп, оқушылар әскери бөлімнің қалыптасқан күнінен бастап тарихымен танысты. Оқушыларға әскери қару-жарақ пен әскери бөлімнің арнайы жауынгерлік техникасы көрсетілді.