02.11.2023 М.Мамыраев атындағы мектеп-интернатының 9 сынып оқушылары Қарағанды экономика,сервис және құқық колледжіне кәсіби сынаққа барды. Оқытушылары мен жоғары курс студенттері колледжде қандай мамандықтар бар екені және қалай оқуға түсу туралы бейнебаян көрсетіп түсіндірді және викторина ойнатты. Сондай-ақ, колледждің білім беру және сабақтан тыс бағдарламасымен таныстырды. Оқу бөлмелеріне, әрбір мамандықтың тәжірибе жасайтын бөлмелеріне саяхат жасалды, оқушыларға тәжірибе көрсетті және өздеріне жасап көруге мүмкіндік берді. Өте қызықты және түсінікті болды.