26 сәуір күні мектебіміздің 10 а, 10 б сынып оқушыларымен «SAMGA ACADEMY - ЖАЗҒЫ ҰБТ МЕКТЕБІ» маманы келіп кездесіп әңгімелесті. Маман барлық пәндер бойынша дайындық, ҰБТ - ға дейін ІШКІ ГРАНТ ұтып алу мүмкіндігі, Қарағанды қаласының үздік мұғалімдері, Жеке ментор - индивидуальный подход, үздік университетермен серіктестік, апталық тестілеу туралы түсіндірді. Оқушылар сұрақтар қойып жауаптарын да алды.