25.12.2021
Мектеп-интернатының даму бағдарламасының «Әлеуметтендіру кепілі-кәсіптік бағдар беру» бағыты аясында 2021 жылдың 25 желтоқсанында Оқушылардың бойында мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, мамандық құндылығы туралы түсініктерді кеңейту, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру мақсатында «Мамандықты дұрыс таңдау-жарқын болашақ кепілі» тақырыбында дебат өтті. Дебатқа 9 - 11 сынып оқушылары қатысып балалардың білім шыңына талпынуда бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы пікірлерін айтып, ой бөлісті.