05.11.2021
2021 жылдың 5 қарашасында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде 9 - сынып оқушылары үшін кәсіби сынақтар өтті. Кәсіби сынақтарды оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері ұйымдастырды. Оқушылар оқу кабинеттерін аралап, өздерін қызықтырған мамандықтаржайында жан - жақты мәлімет алды. Оқушыларға қауіпсіздік техникасы нұсқаулығы өткізілді және колледжде даярлайтын мамандықтар туралы бейнероликтер көрсетілді.