05.01.2022
2022 жылдың 5 қаңтарында Қарағанды тау - кен индустриалды колледжінде 9 - сынып оқушылары үшін кәсіби сынақтар өтті. Колледждің өндірістік оқыту шеберлері балаларды оқуға қабылдау шарттарымен таныстырып, аспап жасаушы, электр және газбен дәнекерлеуші, құрылысшы сияқты мамандықтар туралы қысқаша айтып берді. Сондай-ақ оқушылар оқу шеберханасы, монтаждау зертханасымен танысып, колледж мұражайына, оқу шахтасына қызықты және танымдық экскурсия жасады.