2020 жылғы 01 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына
ПІКІР
Бүгінгі таңда барша адамзат баласының басына ауыр зауал төніп тұрған шақта етек-жеңімізді жинақтап, бірлігімізді одан әрі бекемдей түсуге тиіспіз. Бір-бірімізден қол ұшымызды аямай, бір тудың астындағы халық екенімізді ұмытпағанымыз жөн.
Президенттің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауында ел дамуы үшін жасалатын қадамдарды қадап тұрып айтуы жұртшылықтың көңілінен шықты. Бір сөзбен айтқанда, Жолдау өзіндік нақтылығымен, ұғынықтылығымен ерекшеленді. Осыған дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл жолғы Жолдау ұстаздар мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне ерекше екпін берді.
Елімізде болып жатқан індет көзге көрінбейтін, құлақпен ести алмайтын, түсі де, иісі де жоқ құбылыс болып тұр. Егер дер кезінде сақтандыру мен алдын алу шаралары белгіленбесе, оның бірден басқа шауып, төске өрлеп кететіні де белгілі болып отыр. Мемлекет басшысының бұйрығымен қатаң шаралар қолға алынып, карантиндік жүйеге көштік. Мектептер қашықтықтан оқуды 2019 жылдың 4-ші сәуірінен бастады. Бұл жұмыс тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертті. Біз осындай өзгеріске дайын болмадық. Дегенмен «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші барлық қазақстандық мұғалімдер бір орталыққа жиналып, келешек ұрпақтың біліміне деген алаңдаушылықты сейілттік. Оқушылар мен мұғалімдер қашықтықтан оқу процессіне дағдыланып алдық. Қазіргі уақытта 1-5 сыныптар мектепте «кезекші топтарда» санитарлық шараларды қатаң ұстанып, білім алуда.
Экономика саласы бойынша да көптеген қызметтер атқарылуда. Үнемделген қаражаттан қызметкерлердің жалақысын көбейтеді екен. Бұл істің өзі қарапайым халыққа көп көмек болмақ.
Жолдауда азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен, баспана мәселесіне тікелей байланысты мәселерлер қарастырылған екен. Ел тұрғындарының зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға болатындығы қуантты.
Осы пандемия кезінде ұстаздар мен дәрігерлердің еңбегі ерекше бағаланды. Мемлекет басшысы тарапынан да дәрігерлерге қолдау көрсетілуде.
"Адам баласы бір бірінен ақыл, білім, ар мінез деген қасиеттерімен озады" деп Абай айтқандай Президент Жолдауындағы әр тарау біздің ойымыздан шықты. Президент атап көрсеткен: Терең білім, темірдей тәртіп, әділдік, адалдық, ысырапшылдыққа жол бермеу, бөстекі есептік тағы басқа азаматтық ұстанымға тән адами қырлар біздің ұрпақ тәрбиесіндегі басты ұстанымымыз. Сондықтан әр буынның маңдайындағы әртүрлі сынақтарға қарамастан күрделі міндет үдесінен шығу үлкен жауапкершілікті жүктейді. Біз мұғалімдер қауымы, ұлт сапасын арттыруда жаңарған, жаңғырған "Абай аңсаған азамат" тәрбиелеуіміз керек. Соған ықпал жасап, үлесімізді қосуға қажымай еңбек етеміз.№68 мектеп-интернат педагогтар ұжымы еліміздің дамуы мен жаңаруы жолында бар күш жігерімізді сала отырып, еңбек ету басты парызымыз деп санайды. Ұжым қызметкерлері Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы көтерген мәселелерін толықтай бір ауыздан қолдайды.
Бір орталықтан күш біріктіріп жеңіске жетеміз деген сенімдеміз.
№68 мектеп-интернат ұжымы