«Психология - ғажайып ғылым!» психологиялық апталығы ұйымдастырылды.
Өткізу мерзімі: 2021 жылдың 20 - 25 желтоқсан аралығында Қарағанды қаласының №68 мектеп - интернаты
Апталықтың мақсаты: Білім беру үдерісіне қатысушылардың психологиялық мәдениеті мен медиасауаттылығын қалыптастыру үшін жағдай жасау, тәрбиеленушілердің, оқушылар мен педагогтердің психологиялық денсаулығын сақтауға, нығайтуға жәрдемдесу.
Міндеттері:
- «Психология» ғылымы туралы білімді кеңейту, психологиялық білімнің адам өміріндегі рөлі мен орнымен таныстыру;
- тәрбиеленушілер мен оқушылар тұлғасының дамуына ықпал ету;
- топта бірлескен қызмет дағдыларын қалыптастыру, топ мүшелерін біріктіру;
- психологиялық және коммуникативтік мәдениет деңгейін арттыру, психологиялық білім мен психологиялық қызметтің жұмысын насихаттау.
- білім беру үдерісіне қатысушылардың психологиялық құзыреттілігін және медиасауаттылығын арттыру.