16 қараша күні N68 мектеп- интернатында "Ұлы дала мұрагерлері" форумы өткізілді. Форум өткізу барысында мектептің 3 қабаты да шараға сай безендірілді. Мектептің 1 қабатында оқушылардың жоба жұмыстарының жəне мектеп ұстаздары еңбектерінің жинақ көрмесі ұйымдастырылды. Ата - аналарға арналған жаңартылған білім беру жобасы бойынша шеберлік сабақтар өтті. Спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Бұл шаралардың барлығына ата- аналар қызығушылық танытып , өткізілген шараларға белсене қатысты. Шараның соңы концерттік бағдарламаға жалғасты. Келген қонақтар мен ата- аналар осындай шара ұйымдастырған мектеп ұжымына үлкен ризашылықтарын білдіріп, қуанышты көңіл күймен тарқады.