№68 мектеп-интернатында 9 - 11 сыныптар арасында «Қазақстан - зайырлы мемлекет» тақырыбында жалпы қазақстандық ашық диктант ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі»атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру шеңберінде зайырлы мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған 9 - 11 сынып оқушылары арасында «Қазақстан - зайырлы мемлекет» тақырыбында ашық диктант алынды. Диктант күрделі әрі мазмұнды болды. Зайырлы мемлекетіміздің құндылықтары мен қағидаттары туралы тыңдап,сауатты жазу арқылы әр оқушы өз жандарына біраз қажетті құнды дүниелерді түйе білді деп ойлаймыз. Диктант кезінде түсірілген суреттер қосымша ретінде жіберілді.