7 сәуір мектебімізде Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Адамның денсаулығы – қоғам байлығы» атты спорттық шаралар өтті.. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек.Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.