2019- жылдың 6 қарашасы күні мектепте «Адалдық сағаттары» өткізілді.
1-2 сыныптарда «Адалдық және адамдық» тақырыбында ертегі көрсетіліп, балалардың ойлары талқыланды. 3-8 сыныптарда адалдық туралы түсініктер беріліп, талқыланды. 9-11 сыныптарда «4 негізгі құндылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.