2019 жылдың 23 қантарында № 68 «Мектеп-интернат » базасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың типтік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыру үшін өтпелі тақырыптарды тиімді пайдалану» тақырыбында мектепалды даярлық топ тәрбиешілері үшін қалалық семинар өтті. Оған қалалық ББ-нен әдіскер Кожахметова Нурсулу Кунашевна қатысты.
Онда мектепалды даярлық мұғалімдері «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында өтпелі тақырыптарды пайдалану ерекшелігі» туралы іс-тәжірибесімен Алтынбекова Г.Ж., Мухтарова А.С. бөлісті. Желтауова А.Т. «Жүректен жүрекке» деген тренинг ата-аналар үшін көрсетті. Семинар мазмұнды және қызықты өтті.