20-шы қарашада М.Мамыраев атындағы мектеп-интернатында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында құрылған « Асыл әжелер» мектебінің кезекті іс-шарасы бойынша «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға мектебімізде балалары, немерелері білім алып жатқан ардақты асыл әжелеріміз қатысты.Іс-шара барысында ардақты әжелеріміз бала тәрбиесіндегі әженің рөлі туралы айта келе,ұрпақ тәрбиесі, қыздардың имани қасиетін дамыту, отбасы құндылығы, салт-дәстүрге, ұлттық қолөнерге байланысты құнды ,өнегелі пікірлерін ортаға салды. Мақсатымыз - ұлттық құндылықтарымызды балаларымыздың бойына сіңіру, насихаттау және осы орайда балаларды құрақ-көрпе құрудың, ою-өрнек жасаудың, ұршық иірудің қыр-сырларымен таныстырып, олардың жасалу жолдарын үйрететін тәрбиелік маңызы бар шараларды көптеп ұйымдастырамыз деп өз ойларын білдірді.