Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/krg-sch68.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

24-ші қарашада М.Мамыраев атындағы мектеп-интернатында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» аясында құрылған «Асыл әжелер» мектебінің кезекті іс-шарасы бойынша ақ жаулықты асыл әжелеріміз оқушыларды қазақ ұлтына тән салт-дәстүрлердің ішінде кө­не­ден келе жатқан жоралғылар – бесікке салу, ұршық иірудің қыр-сырымен, шығу тарихымен таныстырып өтті. Бесікке салу немесе бесік той дүниеге сәби ке­ліп, туған-туыстың жиналып, нәрестені бесікке салу дәстүрі екенін айта келіп, бесікке қалай бөлеу керек екенін түсіндіріп, бесікке бөлеуге қажет құрал- жабдықтармен таныстырды. Ақ жаулықты аналарымыз ұршық иірудің де қыр-сырына тоқталды. Ұршық – жүнді иіріп жіп жасауға арнал­ған жеңіл құрал екенін айта отырып, ұршықпен калай жіп жасауға болатынын жіпті иіріп отырып оқушыларымызға көрсетті. Тоқыма тоқу да – ертеден келе жатқан қолөнер түрі. Бұл өнерді меңгеріп алған адам қалаған уақытта өзіне не жақынына сый тарта алады. Әжелеріміз осы іс-шарада оқушыларымызға тоқыма тоқуды да үйретуді бастап кетті. Іс-шараға оқушыларымыз зор ықыласпен, қызығушылықпен қатысып, үлкен әсер алды.