Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/krg-sch68.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Қаңтар айында М.Мамыраев атындағы мектеп-интернатында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында құрылған «Мейірімді аналар» клубының кезекті іс-шарасы бойынша «Ананың алақаны балаға айдынды қоныс» тақырыбында пікірталас, дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға мектебімізде балалары білім алып жатқан ардақты аяулы аналарымыз қатысты. Іс-шара барысында аяулы аналарымыз бала тәрбиесіндегі ананың рөлі туралы айта келе,ұрпақ тәрбиесі, қыздардың имани қасиетін дамыту, отбасы құндылығы, салт-дәстүрге, ұлттық қолөнерге байланысты құнды , өнегелі пікірлерін ортаға салды.

Аналарымыз клуб жоспарымен толықтай танысып,ойларын бөлісіпөтті. Алдағы уақытта баланы тәрбиелеу,ұлттық құндылықтары жеткізу мақсатында түрлі сайыс, мастер класстар өткізу жоспарланды.

Аналарымыздың көңіл-күйлерін көтеру,бір-бірімен таныстыру мақсатында түрлі тренингтер өтті.

Мақсатымыз - ұлттық құндылықтарымызды балаларымыздың бойына сіңіру, насихаттау және осы орайда балаларды тамақ жасау, ою-өрнек жасаудың, құрақ көрпе тігудің қыр-сырларымен таныстырып, олардың жасалу жолдарын үйрететін тәрбиелік маңызы бар шараларды көптеп ұйымдастырамыз деп өз ойларын білдірді.