Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/krg-sch68.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

25 қазан – Республика күні қарсаңында «Жанашыр жүрек» атты республикалық халықтық акция аясында мектеп-интернатымызда  бірнеше маңызы бар шаралар атқарылды.  Соның алғашқысы  интернат ұжымы мен әлеуметтік педагог  Гүлмира Бекенқызының ұйымдастыруымен  Қарағанды қаласында орналасқан «Қазақ Соқырлар Қоғамы» қоғамдық ұйымына  көмек көрсетілді.   Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті деген ұранмен қолымыздан келген азын-аулақ көмегімізді мектеп атынан ұсындық. Сонымен қатар осындай қайырымдылыққа болашақта мұрындық болар жастарымыздың тәрбиесін де ұмытпай, мектебімізде «Ниет» қайырымдылық қорының еріктілерімен  бірлесе бастауыш сынып оқушыларына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға қайырымдылықтың маңызы мен негізі түсіндіріліп, бір-бірлеріңе әрдайым мейірімді болып, жанашырлық танытып жүріңдер деген ақыл кеңестер айтылды.