"Ниет" қайырымдылық қорының жетекшілері Айтбай Г.Б Елубай Г.М ұйымдастыруымен оқушыларды отаншылдыққа, туған жеріне, Атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт - бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта
тәрбиелеу мақсатында,мереке қарсаңына орай,бір ғасыр өмір жолы бар Әлихан Бөкейхан ауданының тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері Есжанов Бүркіт ата және жұбайы Күмісжан апаға барып қайтты. Атадан бата алынып, сыйлыктар табыс етілді.